СӨС диагностикалық сабақ"
Сабақтың мақсаты:Дене шынықтырудың әртүрлі жолдармен таныстыру және оның адам денсаулығына тигізер әсері жөнінде мағлұмат беру.
Сабақтың барысы:Тәрбиеші сабақты төмендегі өлең жолдарымен бастайды.
Қуан,шаттан! Алақай!
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін күн!
Дидактикалық ойын:" Егер де. . . не болар еді"
Дәрігер Салауаттың ең қарапайым кеңесі:
1 кеңес:
Жалаңаяқ ұзақ жүру керек, ең болмаса үйде. Бұлай жүру әсіресе тегіс емес жермен: тастардың үстімен, ыстық құмда, жерде, қардың үстінде жүргенде жалпақ табандылық алдын алып, табандағы нүктелерге арналған массаж болып табылады.
Жер - жалаң аяғыңнан өтіп, бүкіл денеңе қуат беріп тұратын тірі күш.
2 кеңес:
Мүмкіндігінше, ыңғайлы және жеңіл киін. Себебі,денене үнемі күн шуағы мен таза ауа жеңіл өтуі керек. Күнге ертеңгі уақытта қыздырған жөн. Қарның аш немесе тамақ ішкеннен кейін бірден күнге қыздыруға болмайды.
Ең ыңғайлы және денсаулыққа қауіпсіз шынығудың түрі - ауа ваннасы болып табылады. Олар: жылы, салқын,суық болуы мүмкін. Ертеңгілік уақытта ауа ваннасы қабылдайтын уақытың 20-30 минуттан аспағаны дұрыс.
Адам ағзасын тыныс алу жаттығулары арқылы да нығайтуға болады.
3 кеңес:Беті-қолыңды, құлағынды,қолыңды иығыңа дейін суық сумен жу. Сумен шынығуды дымқыл губкамен немесе дымқыл орамалмен сүртінуден бастауға болады. Шынығудың ең жеңіл түрі- суға түсу. Мына ережелерді есте сақтау керек.
Ешкіммен кімнің суы суық немесе кім тез шынығады деп жарыспа! Ол-денсаулыққа зиянды.
Салқын су әркімге әртүрлі әсер етеді, кейбіреулері суық тиіп аурып қалулары мүмкін.
Шынығу жұмыстарын күнделікті жүргізу қажет, әйтпесе адам ағзасы үйренбеуі немесе күткен нәтижемізге жетпейміз.
Страницы: << < 42 | 43 | 44 | 45 > >>