В дыбысы және әрпі

Страницы: <<  <  1 | 2

гог төмендегідей өтірік өлең оқиды, балалар өлең жолдарынан в дыбысы бар сөздерді тауып айтады.
Волгасы бар құланға, Вена бойы ұнайды - ақ. Вагон тіркеп қыранға, Велікпенен жүр айдап.
Волга - өзен. Вена - Австрияның астанасы, қала.
Волга, Вена, вагон, велосипед сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
Жұмбақ шешу.
Қызыл түсті, Мөлдір сулы. Сырты түсті, Тасты, құмды, Жасыл түсті балықтар, Әйнек үйде қалықтар.
Жұмбақтың жауабы: аквариум.
Аквариум сөзін бірнеше рет қайталап айтқызу. Аквариум сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Су туралы кім мақал-мәтел біледі?
Су - анасы бұлақ. Судың да сұрауы бар.
Балалар, дұрыс айтасыңдар, сусыз күніміз жоқ, сондықтан суды ысырапсыз ағызбаңдар, дұрыс пайдаланыңдар.
"Аукцион" дидактикалық ойны. Шарты: педагог көрсет - кен машинаның маркасын дұрыс атау және в дыбысының сөздің қай буынында тұрғанын табуы керек. Тапсырманы дұрыс орындаған бала машинаның суретін аукционнан сатып алған болып есептеледі. Мысалы: Волга, Вольво, Ваз, т. б.
III. Қорытындылау. 1. "Саяхат" дидактикалық ойыны. Ойын шарты: педагог Вена қаласы жайлы бейнекөрініс көрсетеді немесе Венақаласының сәулетті жерлерінің суреттерін көрсетеді. Осы қала туралы қысқаша мәлімет беріп кетеді.
Вена қаласы
Вена - Австрияның астанасы. Альп тауының етегінде, Дунай өзенінің бойында орналасқан. Ол - мәдени орталық. Дунай кеме жолы және Орталық Еуропа, Прибалтика елдеріне шығатын көлік жолдары бар. Климаты жұмсақ. Қыс мезгілінде тау жақтан жылы жел соғып тұрады.
Австрия, Вена сөздерін бірнеше рет қайталатып айтқызу, дыбыстық талдау жасату.
Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау.





Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: