қуыршақтар-құламақтар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Технологиялық карта «Қарлығаш» Ісәбилер тобы.

Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Бөлімдері: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «қуыршақтар-құламақтар».
Мақсаты: баланың домалақ пішіні жайлы танымын арттыру; Қуыршақ-құламақтың дене ерекшелігімен таныстыру, кеудесі, басы және аяқ- қолдары домалақ екенін түсіндіру; денелерді бір-біріне бекітуді үйрету; тілдерді дамыту; саусақтың ұсақ бұлшық еттері қимылын жетілдіру; ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: әртүрлі құламақтар суреті, ермексаз, қағаз және мата майлықтар; тақтайша немесе клейенка, үлестірмелі материалдар, тенселген ойыншықтар
Қостілдік компонент: қуыршақ – кукла.
Сөздік жұмыс: құламақ.
Іс-әрекет кезеңдері
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиешінің іс-әрекеті
Тәрбиеші өлеңді оқиды.
Біз қандаймыз?
Қуыршақпыз-құламақпыз,
Бізді ақрын тербетсең,
Ұзақ ұақыт тоқтамаймыз.
Солға-оңға, оңға-солға,
Біз тік тұрмаймыз.
-Балалар, қуыршақпен қалай ойнау керек екенің білесіндер ме? Маған көрсетіңдерші.
-Балалар, қуыршақты неге құламақ деп атайды білесіңдер ме?
Дұрыс, бұл қуыршақты жатқызуға болмайды бұл туралы мынадай жұмбақ та бар:
Міне, қыңыр адам!
Жатқызуға көнбейді!
Сендерге осындай кездесе ме?
Мүлде ұйықтағысы келмейді,
Жатқызсам – қайтып тұрады,
Тұрады да, тербеледі,
Ол қалай аталады?
Сөздік жұмыс: құламақ.
Билингвалды компонент:
Қуыршақ – кукла.
-Келіңдер, оны жақсылап қарайық.
-Қалай ойлайсындар, оның бөліктері неге ұқсайды (басы, денесі, қолы?) Пішіні қандай?
-Қуыршақ-құламақ көлемі әртүрлі шарлардан жасалған?
Көрсетіңдерші, ең үлкен шар қай жерінде? Ал ең кішісі ше?
-Қараңдаршы, ки

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: