Қуыршаққа кереует жасау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні:
Білім беру саласы:"Таным"
Ұйымдастырылған қызметі: "КМҰҚ"
Тақырыбы: "Қуыршақ Әйгерім балаларға қонаққа келді"
Мақсаты: Балаларға бір топтың заттарын екінші топтың заттарының үстіне қою және жанына қою әдістерін пайдаланып, саны және көлемі жағынан тең және тең емес заттарды (шамамен үш затты) салыстыруды үйрету. Тілде келесі сөздерді қолдану: сонша, неше, тең. Ұзынырақ, қысқа, ұзындықтары тең сөздерін пайдаланып, заттардың ұзындығы бойынша салыстыруға арналған "Ұзын және қысқа жолдар"- жаттығу ойыны.
Көрнекі құралдар: Алмалар, орамал, себет

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
- Балалар, сендер қандай әдемісіңдер, тобымыз да әдемі, күніміз де әдемі. Осы әдемілігімізді сезініп, көңілімізді көтеріп ән айтайықшы.
Күн күлімдеп әлемде,
Күлімдейді әдемі.
Төбемізде қарлығаш,
Айналады әдемі.
Әніміз осындай,
Сәніміз осындай.

Шаттық шеңберіне тұрып ән айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру
- Жарайсыңдар, балалар, орнымызға жайғасайық.
- Балалар, бүгін бізге қуыршақ Әйгерім қонаққа келіпті.
- Қане бәріміз қуыршақтың атын қайталап шығайық.
- Қуыршақ Әйгерім бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма теріпті. Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар.
- Алмалардың түстері қандай?

- Қандай алма үлкен?
- Ал қандай алма кіші?
- Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз? Оларды бір бірінің жанына қою арқылы салыстырып көрейік.
- Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.
- Сары алма нешеу?
- Қызыл алма сары алмадан аз.
- Ал тең болу үшін не істеу керек?
- Қызыл алма қанша болса, сары алма сонша болды

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: