Устаз - мектеп журеги

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ашы ағарған.
18
Әліппені қолға алып
Әріпті алғаш таныдық
Талай тоқсан толғанып
Сырын ұқтық қанығып
19
Ардақты менің ұстазым
Әліппені оқытқан
Білімнің кілтін ашатын
Кеудеме сырды тоқытқан.

20 СЫНЫП ЖЕТЕКШІ
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Жетекші апай сізге ерекше көп алғыс,
Таңертең күнде құшақ жаяр алдан

Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп
Райхан апай сіздей қайда бар адам?! (Өздерінің гүлдерін ұстаздарға беріп, құттықтайды)
Білімді де зейінді
Білмейтін еш кеюді
Ұстаз болам мейірлі.
Білетін бар өнерді ,
Білгір сөзі мәнерлі,
Ұстаз болам өнерлі.
Зерттеп терең ғылымды
Зерлеп ерен ілімді.
Ұстаз болам білімді.
Көп шәкіртті баламдай
Көретін,ой санам бай.
Ұстаз болам анамдай!
Жүргізуші:Сүйікті ,парасатты мұғалімім
Өзіңдей жанымды ұғады кім?
Бас иіп,шәкіртіндей құрмет тұтып
Алдыңнан алғыс өлең шығар бүгін.
Қолыңнан әр шәкіртің ұшқан түлек
Сыйлайды еңбегіңе алғыс, құрмет
Мақтан!Мақтан!Мұғалім армиясы!--
деп,Мұзафар Әлімбаев атамыз өлең шумақтары арқылы өзінің ұстазына деген сезімін осылай білдірген екен.
Жүргізуші:Келесі кезектіұстаз ұлылығы жайлы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.
1
Ұстаздық -- ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.
2
Мұғалім -- оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да,ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
3
Мұғалім -- өзінің білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт- пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: