Устаз - мектеп журеги

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: "Ұстаз-мектептің жүрегі"!
Сабақтың мақсаты:
а)Оқушыларға ұстаз -- екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау.
ә)Танымдық қабілетін арттыру. Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты нығайту.
б)Айналасына білім,тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,лебіз білдіру,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Әдеби-музыкалық бағдарлама.
Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу,ән шырқау.
Көрнекілігі:Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер,өлеңдер,гүл шоғырлары,
шарлар.
Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. ҚРмемлекеттік Әнұраны.
Балалардың бағы болып басты әні,
Ұстаз елді болашаққа бастады.
Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,
Ашық болсын туған елдің аспаны.
Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,
Арайлап ата берсін таң күліп.
Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып,
Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.
Мұғалімнің құттықтау сөзі:Сәлеметсіздер ме,құрметті ұлағатты ұстаздар!
Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңыз-дың отбасыңызға амандық ,бақ-береке ,еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз.
Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына ,қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. "Жақсы мұғалім -- мектептің жүрегі"-- деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдіңнақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек. Сонымен "Ұстаз-мектептің жүрегі"! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: