топшамалы сұрақтар беру:
"Кеншілер" тобына:
Тау жыныстары деген не?
Олар қайда кездеседі?
Қатты күйдегі тау жыныстарын ата.
"Экологтар" тобына:
Тау жыныстарын атаңдар.
Олар қандай түрлерге бөлінеді?
Сұйық күйіндегі тау жыныстарын ата.
"Ғалымдар" тобына:
Өзің туған өңірде қандай тау жыныстары кездеседі?
Олардың қандай пайдасы бар?
Сұйық күйіндегі тау жыныстары қайда қолданылады?
Жетондар бойынша бағалау
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тас көмірқұмтас
Тығыз тау жыныстары
мәрмәр Гранит
1. Картамен жұмыс:
Гранит - қатты, тығыз тау жынысы. Ол көбіне жер қыртысының терең қойнауында орналасады. Таулы аймақтарда жер бетіне шығып, кең көлемде таралады. Орталық Қазақстандағы Сарыарқаның көптеген таулары түгелдей граниттен тұрады. Гранит өте мықты, судың, желдің, күннің әсеріне өте төзімді. Сондықтан оны үйлердің іргетастарын қалауға, көпірлер, ескерткіштер тұрғызуға пайдаланады. Гранит - қазақша "түйіршікті" деген сөз. Ол көптеген түйіршіктерден тұрады. Әшекейлік мақсатқа пайдаланғанда оның бетін тегістеп жылтыратады.
Құмтас - құм түйіршіктерінің бірігіп, қатуынан пайда болған. Оның атауы да осыдан шыққан. Тек құмның өзі сусып бір-біріне жұғыспайды. Егер саз, гипс, әктас ерітіндісі араласса, құм түйіршіктері бірігіп қатады. Жер қыртысындағы барлық тау жыныстары араласып, салмақпен тығыздалып, қатты тасқа айналады. Құмтас - барлық таулы аймақтарда кездеседі, өте кең тараған.
Сарамандық жұмыс:Құмтасты балғамен үгіту.
Оқулықпен жұмыс:Үш топ 3 абзацтан бөліп оқу.
Топпен жұмыс:Әр топқа топшамалы сұрақтар үлестіру.
"Кеншілер" тобына: Кестені толтыру.
Граниттің қасиеті
Қайда кездеседі?
Қолданылуы
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>