Тұйық етістік емлесі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

br/>Тапқыр болсаң, тауып көр - етістік дегеніміз не? Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Дайын болсаң, ашып көр - "Құттықтаймын, сен олжалы бестік алдың!"
Екінші кезең "Түсіну". (Жаңа сабақ)
Сабақтың мақсатын қою.
Күн ретін, сабақ тақырыбын хабарлау.

Шақпен де, жақпен де байланысы болмай, тек қимылдың атауын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік деп атаймыз. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына - у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, сөйле - у, сен - у, айт - у, мақтану, берілу, ойлау, белгілеу, жалықпау, айтпау.
1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы дауысты болып жалғанады: бар - у, қайт - у, көр - у, кел - у.
2. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады: ойна - у, сөйле - у, барма - у, келме - у.
3. Дауысты ы, і, дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і, дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп кетеді де, ол,(у) дауысты дыбыс болып есептеледі.
Мысалы: оқыуоқу, тасыутасу, еріу еру.
4. Қатаң п, к, қ дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б - ға қ, к дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады.
Мысалы: тапутабу, үкуүгу, ақуағу.
5. й дыбысына біткен етістікке - у жұрнақ жалғанғанда екі дыбыс йу ю дыбысына айналып кетеді.
Тұйық етістік есімдерше түрленеді, бірақ жіктелмейді
Үшінші кезең "Қолдану" Мәтінмен жұмыс.
І топ Мәтіннен есімшелерді тауып, тұйық етістікке айналдыр.
ІІ топ Мәтіннен көсемшелерді тауып, тұйық етістікке айналдыр
ІІІ топ Мәтіннен тұйық етістікті тауып, қандай сөзбен тіркесіп тұрғ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: