Күні: 12. 02. 2016 ж.
Сынып: 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік емлесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушылардың етістік туралы білімдерін тереңдету, тұйық етістік, оның жасалуы мен мағынасы туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық. Ой - өрісін, танымын арттыру, өздігінен талдауға, ой қорытуға жаттықтыру;
3. Тәрбиелік. Аңғарымпаздыққа, белсенділікке баулу, өз - өзіне деген сенімін арттыру.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың түрі: оқыта үйрену
Әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, талдау, ойын, проблемалы ізденіс
Көрнекілігі: слайд, кесте, таратпа, мақал - мәтелдер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабаққа назар аударту.
Прсихологиялық дайындық.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
"5 "- ке қолды жеткізу!
2. Үй тапсырмасын тексеру.
209 - жаттығулар.
ББҮ кестесі арқылы жұмыс.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі. Жұрнақтар арқылы жасалады.
Оқушыларды топқа бөлу. Түстер арқылы.
Негізгі бөлім
Бірінші кезең "Білу". "Білімінді байқап көр"Тапсырма - сұрақтарға жауап беру.
"Олжалы бестік" ойыны арқылы.
Мықты болсаң, тауып көр - етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.
Жүйрік болсаң, шауып көр - етіс нені білдіреді? Түрлерін ата.
Ойлы болсаң озып көр - есімше дегеніміз не? Тұлғаларын ата.
Алғыр болсаң, айтып көр - көсемшенің түрленуі дегенді қалай түсінесің?<
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>