Жоспары
1Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы
1. 1 Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі
1. 1. 1 Мұрын қуысы қызметі
1. 1. 2 Көмей қызметі
1. 1. 3 Кеңірдек және бронхылар қызметі
1. 1. 4 Өкпенің қызметі
1. 1. 5 Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС)
2 Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы
3 Тыныс алуды дамыту және гигиеналық талаптар
4 Дереккөздер
5 Өкпенің қабынуы
6Ауатамырдың қабынуы
7Тыныс демікпесі
8Туберкулез ауруы
9Темекі тартудың тыныс алу мүшелеріне әсері
10Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі
Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы
Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газыайдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесіарқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.
Ересек мал қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л. , кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:
қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;
д
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>