бырғасы сіңір және бұлшық еттермен жалғанған бірнеше шеміршектен тұрады. Ең ірі шеміршек -- мойынның алдыңғы бетіне шығып тұратын қалқашиа шеміршегі (96-сурет).
Көмейдің дыбыс сіңірлері мен көмей какпашығынан басқа бөлігінің ішкі беті тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабыкпен қапталған. Көмей шеміршектері арасында екі дыбыс сіңірлерін түзетін сілемейлі қатпарлар болады. Олардың арасындағы кеңістік дыбыс саңылауы деп аталады. Адам тыныс шығарған кезде дыбыс сіңірлерінің тербелісі нөтижесінде дыбыс пайда болады. Дыбыстың түрі мен оның ырғағы дыбыс сіңірлерінің ұзындығына байланысты. Мысалы, ер адамдардың көмейі ұзын (44 мм), дыбыс сіңірлері де ұзын, сондықтан олардың дауысы жуан. Әйелдердің кө - мейі қысқалау (35 мм), сәйкесінше дауысы жіңішке. Дыбыс пен айқын сөздің соңғы калыптасуы тіл, ерін, сондай-ақ жүмсақ таңдай мен тіс катысында жүзеге асады.
Көмейге ас бөлшектері немесе баска заттар түскенде, сонымен қатар кабыну процестерінде адам жөтеледі де, терең дем шығарылады. Бүл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныс мүшелерінің төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмейдің астыңғы бөлімі VI -- VII мойын омыртқалары тұсында кеңірдекке жалғасады.
Кеңірдек -- ұзындығы 9 -- 13 см, диаметрі 15 мм, өңештің алдында орналаскан түтік. Кеңірдектің қабырғасы оның қабысып калуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Кеңірдектің артқы жүмсақ кабырғасы өңешке жанасады да, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. Кеңірдектің ішкі беті тербелмелі эпителиймен қапталып, кілегейлі бездерге өте бай келеді. Оның маңызы өкпеге баратын ауадағы шаң-тозаң түйіршіктерін ұстап қалып, қақырық арқылы сыртқа шығарады.
V арқа омыртқасы деңгейінде кеңірдек негізгі екі бронхыға бөлінеді.
Бронхылар оң және сол жақ өкпеге кіреді
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>