Сабақтың тақырыбы: Түймені салу және ағыту.
Сабақтың мақсаты:
1. Ұсақ маториканы дамытуға бағытталған жаттығулардың түрлерін жасатып үйрету.
2. Қарапайым нұсқауларды орындай отырып, тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойындар
Көрнекі-құралдар: суреттер, түрлі-түсті түймелер.
I апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер: Қуанамын мен де!
Қуанасың сен де!
Келіп шыққан күнге!
Күніміз жарық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
III. Жаңа сабақ. Ұсақ қол моторикасы-саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы маңыздылығы - адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ қол қимыл қозғалысын дамыту үшін жаттығулар жасаймыз.
IY. Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
"Екі қырықаяқ" саусақ жаттығуы.
Екі қырықаяқ (Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі).
Жолмен жүгірді.
Жүгірді, жүгірді.
Бір-бірімен кезікті (Екі алақанды қосады).
Құшақтасқандары соншалық (Сұқ саусақтарды айқастырады. )
Құшақтасқандары соншалық (Ортаңғы саусақтарды айқастырады).
(Алақандарды айқастырады. )
Екеуін күштеп ажыраттық. (Қолдарын жібереді. )
II апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
"Қомағай" саусақ жаттығуы:
Әр қатысушы бала беторамалдың ұшы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>