Түйе

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

Оның басқа түліктерден тағы бір ерекшелігі екі жылда бір рет боталайды. Ол ботасын он екі ай көтереді. Сүті дертке дауа. Біздің Маңғыстауды түйенің шұбатымен емдейтін "Тұщыбек "санаторийі бар. Түйенің жейтін шөбі-алабота,жантақ,теріскен. Түйенің үш түрі бар. Олар:інген,аруана,нар. Інген екі өркешті болады. Аруана - сыңар өркешті ,сүті мол түйе. Түйенің төлі-бота. Ол сүйкімді жануар. Сондықтан аналарымыз өз баласын ботам,ботақаным деп еркелеткен. Қыздарына Ботакөз,Ақбота деген есімдерді қойған.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс
1-топ Мақал-мәтелдерді оқып мағынасын түсіндіреді.
2-топ Өлеңді мәнерлеп оқиды.
3-топ Суретпен жұмыс
4-топ Түйенің пайдасын сызбаға түсіреді
Ү. Сергіту сәті
"Қай төл қалай дыбыстайды ?"Мұғалім әр төлдің атын атағанда оқушы сол төлдің дыбысын салады.
ҮI. Топтық тапсырмалар





"Сәйкестендір" -шығармашылық жұмыс

"Ойсылқара"тобы Түйенің пайдасы туралы жазады және мақал-мәтел айтады.
"Қамбар ата" тобы жылқының пайдасына тоқталады.
"Зеңгібаба" тобы сиырдың пайдасы туралы айтады.
"Шопан ата" тобы қойдың пайдасын айтады.

Төрт түліктің пірлері
Ойсылқара жылқы
Шопан ата сиыр
Зеңгібаба қой
Қамбар ата ешкі
Сексеката түйе

Төрт түліктің төлдері
Жылқы бұзау
Түйе қозы
Сиыр бота
Қой лақ
Ешкі құлын

Қай түліктің сүтінен жасалады ?
Қымыз түйе
Айран жылқы
Шұбат сиыр

Қай түліктің аталығы ?
Түйе айғыр
Сиыр қошқар
Жылқы бура
Қой теке
Ешкі бұқа

ҮІII. Қорытынды
Не білдік ?
-Түйе сүтінен не жасалатынын білдік .
Қай түліктің аталығы екендігін білдік.
-Түйенің жүнінен не жасалатынын білдік .

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: