Түйе

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Пәні
Ана тілі 2-сынып
Сабақтың тақырыбы:
Түйе

Сабақтың мақсаты:
Білімділік . Қазақ халқының ең қадірлі малы түйенің ерекшелігіне тоқталады. Оның еті,сүті ,жүнімен қатар, күш көлігі ретінде қолданылатынын түсінеді.
Дамытушылық: Оқушылар сөздік қорын молайтады,мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіреді,төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтеді.
Тәрбиелілік: Топпен жұмыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, көмектеседі.
Күтілетін нәтиже
Өз беттерінше ізденеді. . Төрт түлік малды құрметтеуге үйренеді. Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Сілтеме
Оқулық 56-58 беттер
Сабақта қолданылатын материалдар:
1. Стикер
2. Суреттер
3. Жетондар
4. Смайликтер
Оқыту әдістері:
СТО
Оқыту үшін бағалау
1. жұппен жұмыс
2. топтық жұмыс

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Даланың көркі - мал,
Өзеннің көркі-тал.
Бүгінгі біздің сабақта
Жырланады төрт түлік мал.
Төрт топқа суреттер арқылы бөлінеді. "Ойсылқара", "Зеңгібаба", "Қамбар ата", "Шопан ата"топтары болады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
"Сиыр" өлеңін әр топтан жатқа сұрау. "Сиырдың сүті-тілінде"тақырыбына жазған шығармалары талданады.

Мақсат қою кезеңі
Төрт түлік атауларына жұмбақтар шешу
1. Қамыс құлақ,тостаған тұяқ
Мінсең қанат,сүті-дәрі,еті-тамақ. (жылқы)
2. Екі айнасы бар,екі найзасы бар (сиыр)
3. Басында таяғы бар,иегінде сақалы бар (ешкі)
4. Үстінде екі тауы бар,
Кезікті бір жануар (түйе)
ІІІ. Жаңа сабақ
Ой қозғау.
-Түйе туралы не білеміз ?Оқушылар өз ойларын айтады.
(Слайдтан көрсету)

Түйе-киелі жануар. Ол 40 күн аштыққа ,шөлге шыдайды.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: