тегиялық бағдарламасы жарияланды
13. Оқушы: 2011 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл
Көп жұмбақ
Мұғалім: Еліміз жеріміз туралы жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар
Келген емес жайдан-жай
Жеңдік барлық езгіні,
Тәуелсіздік алғаны-ай
Жылдың қай мезгілі? (қыс, желтоқсан)
Тәуелсіздік жолында,
Тапқан жолдың шешімін.
Президенті қазақтың,
Айтшы, қане есімін? (Нұрсұлтан Әбішұлы)
Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемге.
Күн астындақандай құс,
Қанат қаққан бар елге? (қыран)
Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап,
Кімнің туы біліп ал (Қазақстан)
Исламбек: "Тәуелсіздік "
Айдана: "Қазақстан"
Жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына байланысты оқушылардың өз туындыларын оқып берулеріне рұқсат етіңіздер .
"Тәуелсіздік таңы "
Нұрлы күндей шуақты ,
Тәуелсіздік таңы аты .
Өркендей бер жайнай бер
Тәуелсіздік қуатты
Алып беріп еркіндік ,
Бізді әбден қуантты
Бәйтерекпен әлемге
Қазақ елін танытты
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Міне, балалар бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын, келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Көксу ауданы, Қызылтоған ауылы, Орталау мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Садуакасова Оразхан Құрмашқызы
Страницы: << < 3 | 4 | 5