Мақсаты: Тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, жас жеткіншектерді туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, құрметтей білуге тәрбиелеу
Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілік : қанатты сөздер , шарлар, жалаушалар, буклеттер, суреттер .
Барысы : Ұйымдастыру кезеңі .
Тәуелсіздіктің 23 жылдығына арналған 2-сынып оқушыларының «Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер .
Мемлекеттік гимн орындалады .
Жүргізуші : -Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз .Басымыздан құт береке қашпасын деп , найзаға үкі таққан елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм –тұзды ақтай білген елміз .