Тәуелсіздік таңында

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Шығарма.
Тәуелсіздік таңында.

1. Кіріспе бөлім.
Еркіндік- бабалар тілегі.
2. Негізгі бөлім.
Еркіндік үшін жеңіс-бүгінгінің жемісі.
Еркін елдің Елбасы.
3. Қорытынды.
Туған елдің бүгінгі ұрпағы-елдің ертеңі.
Неткен байтақ,неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің.
Сенде тудым,сенде өстім,сенде өлем,
«Арманым жоқ бұл дүниеде»,дер едім.
Болдым ғашық,туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем,арманым сен аңсған.
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың,
Өз Отаным-өзім туған босағам.

Қ. Аманжолов.
Біз-тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жылдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткізіп, көріп келген елміз. Бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен егеменді елміз. Бұл күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабамыздың ұрпағым, елім, жерім деп армандап өткен, сол үшін талай тер төгіп, мың өліп, мың тіріліп жүріп өзім жетпесем де, ұрпағым жетсе екен деп армандап өткен еңбегінің жемісі. Сол бабаларымыздың ұлағаты мен арманын жалғастырудағы, аманатын орындаудағы нақты дәлел желтоқсан оқиғасы деп ойлаймын. Желтоқсан 1986 жыл. Мыңдаған адам алаңға жиналды. Оларды алға жетелеген қандай күш десеңші?
Бұл –Отанға деген сүйіспеншілік, егемен ел болу, халықты қазақ ұлты басқарсын, өз жерімізде еркін, ұрпақ алдында абыройлы болайық деген ой-арман ұшқыны еді. Сол кезде жастардың толқуы басталмаса, бұл тәуелсіздік осылай болар ма еді, әлде болмас па еді?
Тәуелсіздік дегенді жыл өткен сайын терең түсініп келеміз. Өз елің, өз жерің, өз Отаның бары бәрінен артық екенін түсінеміз. Оны мен мына бір әңгімеден терең түсінгендей болдым. Бір күні менің Астанада оқитын ағамның досы шетелден келіп, екеуінің әңгімелескенін тыңдай қойып едім. Америкада көптен т

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: