Өткізілген күні: 14. 12. 2016 жыл.
Сыныбы: МАД тобы
Мұғалімнің аты-жөні: Оспан Аружан Марсқызы
Кабинет: 18
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік күні
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіддері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қзақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Н. Ә Назарбаевтың суреті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Өткен тақырыпты пысықтау.
Қазақстан туралы не білеміз?
- Мен Қазақстанда тұрамын.
- Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.
- Мен еліммен мақтанамын.
- Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
III. Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрвшты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді. Ту
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>