дың ортасындағы алтын күн - баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер"п ұшып бара жатқан қыран құс - ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай - берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Хор "Әнұран" Бәріміз әнұранды айтып берейік.
Балалар кім тақпақ, өлең біледі тәуелсіздік күні туралы?
Даулетбай Әсел:
Халқымның мақтанышы - алып тұлға.
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек - көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
Әлжан Әдия: Отаным - Қазақстан туған жерім,
Мұнай мен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен сенім.
Қуандық Нұржан: Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай.
Жүсіпбек Расул: Бұлт баспасын күнімді
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды-
Қасиетті борышым.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз - Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді. Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы "Қазақстан" деген жазу елі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>