Тәуелсіздік жылдарындағы айтыс өнерінің дамуы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

10 минут




















































9:00
Ақындар айтысында ел мен жер тақырыбы, ақтаңдақ жылдар мен оның зәрлі зардабы назардан тыс қалмай, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ақындар айтысында бұл мәселе барынша өткір айтылды
Ақын Иманғазы Нұрахметұлы өз тағдырын Тәуелсіз елдің тарихымен сабақтастыра жырлайды:
". . . Бір кезде бірлігі мол халық едік,
Білгідей билік құрған ханы болып.
Кешегі тар заманның толқынында,
Тоз-тоз боп әрбір жерде қалып едік.
Халқыма теңдік тиіп ел болған соң,
Алласы мұсылманның жары болып,
Тәуелсіздік қойныңа қосты мені,
Әлемнің жатыр оны бәрі көріп. . . ".

Дәулеткерей Кәпұлы айтысындағы мына бір толғамды ойлар - қазақ халқының басынан кешкен қиын халі - халық санасына үлкен әсер етіп, сергектікке, бірлікке, Тәуелсіздіктің баяндылығы қаншалықты қымбат екендігіне үндейді:
Дәулеткерей: ". . . Шыбын да жаным шырылдай,
Қай жаққа бетті бұрмақпын.
Асылдарымды атқызып,
Абақтыға жатқызып,
Ұлардай жұртты шулаттың.
Босқанда халық шет елге,
Аузыңнан дәмі кетер ме,
Аштықта жеген тулақтың".

Ұлттық идеологияның негізгі өзегі рухани құндылықтардан бастау алатыны белгілі. Тіл мен дін, дәстүр-салт, өнер мен мәдениет, тарих пен әдебиет, ұлт баспасөзі мен ағарту саласы - осының барлығы айтыс жырларының негізгі тақырыбы болды. Мұның сыртында ұлттың ұлы тұлғалары, қоршаған орта, экология мәселелерінің де түп қазығы елдік мүдде тұрғысында өрбіп, ұлттық идеологияның сипаттарын айқындады. Осы келтірілген өзекті

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: