Тәуелсіздік жылдарындағы айтыс өнерінің дамуы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

амайды. . . ".


Ринат Зайытов бүгінгі Тәуелсіз қазақ елінің Азат арманын Абылай хан заманымен астастыра қарайды.
"Ардақты айбын асқан Алашымнан,
Ақылды азаматтар жаратылған.
Ақ тулы Абылайлар дара тұлғаң,
Бұқар жырау байламды бағыт беріп,
Бірлігімен қазақтың бағы ашылған.
Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер,
Ой түйінін қопарған нақ асылдан.
Қабанбай, Бөгенбай мен Наурызбайлар,
Қазақты алып шыққан нақ асылдар.
Кеңгірбай, Алшынбай мен Құнанбайлар,
Ақ сұңқардай аспанда аласұрған.
Ұлы Абай, Мұхтар менен Шәкәрімдей,
Семейдің даласында дара туған. . . ".
Елдің рухын көтеру - ұлттық руханиятпен қауышудың, оның қасиет қадірін сезінудің бірден-бір кепілі.



Ақиқатты айтудан қаймықпаған ағауыз ақын Оразалы Досбосынов Дулат Бабатайұлының айтысында:
Ауыл жұрты былайша термелейді,
Тұрмысын термесімен зерделейді.
Құлағын қуыс болса жеткізейін,
Депутаттар сіздерге ел не дейді.
Сайланып алғанынша кандидаттар,
Ешкіні апа текені жезде дейді.
Радио теледидар әлі күнге,
Қазақша қарық қылып сөйлемейді.


Ақын Серікзат Дүйсенғазин етек-жеңі кең, қазақ қоғамының бейқамдығын былайша сипаттады:
". . . Ағайын, арманыңа аштым құшақ,
Болсын деп, үлкен-кіші, дос-құрбы шат.
Ол рас қара қытай қаптап жатыр,
Кәдімгі таудан аққан тасқын құсап.
Базардың барлығын кеп жаулап жатыр,
Ауғаннан ауып келген босқын құсап.
Оларды тыю ертең қиын болар,
Тоспасақ алдарынан тосқын құсап.
Қазақы көңілменен көне бермей,
Күдікпен қараған жөн қашқынға ұсақ.
Тобаға келтірмесек бәле салар,
Қорада қойға тиген қасқыр құсап. . . "
Оқушылар талдайды: дайындық 5 минут 5 минут -

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: