Тәуелсіздік - ел тілегі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: "Тәуелсіздік - ел тілегі"
Мақсаты: а) Балаларды Қазақстан Республикасының Президентімен, мемлекеттік рәміздерімен, Елорда - Астана қаласымен, Алматы, Ақтау қалаларымен таныстыру;
ә) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығы туралы, 26 жылда жеткен жетістіктеріміз туралы мағлұмат беру;
б) Патриоттық сезімдерін қалыптастырып, Туған жерге, елге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, бүлдіршіндерді елін, жерін, ұлтын сүюге, құрметтеуге, ардақтауға тәрбиелеу. Мақал-мәтелдер арқылы тіл байлықтарын, сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, буклеттер, ҚР Президентінің, Астана қаласының суреттері, бейнероликтер, "Қазақстан тәуелсіздік жылдарында" слайды.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңберіне тұрады.
(Қимыл қозғалыспен көрсетеді)
- Армысың, қайырымды Көк аспан!
- Армысың, мейірімді Жер - ана!
- Армысың, шұғылалы Алтын күн!
- Армысың, Тәуелсіз елім менің!
Тәрбиеші:
-Мен сендерге сәттілік тілеймін!
-Балалар, бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметі мерекеге байланысты қызықты өтпек, себебі, бүгін мереке 16-желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі тақырыбы - "Тәуелсіздік-ел тілегі".
-Балалар, біз аспаны ашық, сәулелі, кең байтақ елде тұрамыз. Ол ел-?
Балалар (хормен):
-Қазақстан!
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар, балалар! Біз бейбіт әрі тәуелсіз Қазақстанда өмір сүреміз. Бүгінгі тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметімізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен бастайық.
(Балалар мемлекеттік гимнді орындайды. )
-Еліміздің көптеген жылдар бойы армандап келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылатын, ешкімнің есінен кетпес ұлы күн бұл - 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні! Қазақстан Республ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: