Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кеш. Сыныптан тыс іс-шара.
Тобы:
Күні: 14. 12. 2020 ж.
Кештің тақырыбы: " Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы "
Мақсаты: Тарих толқынында орын алған ата-бабаларымыздың ерлік, батырлығын паш ету. Оқушыларға ұлттық, қайсарлық мінез бабаларымыздың бойынан әр кезеңде кездескенін баяндай келе қиын-қыстау кезде отанды қорғай білуге, қандай да болсын өктемдік пен зорлыққа қарсы тұруға, туған жерге деген сүйіспеншілікке, елдің бір тұтастығын сақтап қалу үшін күресе білуге тәрбиелеу.
Кештің барысы: I. "Көк тудың желбірегені" әні.
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған "Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы" атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
II. Тақпақ (оқушы Сайын)
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум ағайын! Қош келдіңіздер!
Дұғай сәлем үсті-үстіне айта берсем ағылар,
Көкіректе күй боп жатқан, сұрай қалсаң тағы бар.
Әсем көктем гүлдеріндей, көз тұндырып жайнаған,
Армысыздар ұстаздарым тарихты айтып жырлаған. Қайран, қазақ елі. . . Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>