Тәуелсіз елім тірегім,Туған жерім жүрегім

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

. "Тәуелсіз елім тірегім,Туған жерім жүрегім!"
(Слайд көрсетіліп тұрады)

Мақсаты:
Тәрбиеші сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың"Тәуелсіз елім тірегім,Туған жерім жүрегім!"
атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
"балдәурен" тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Балалар ортаға қолдарында жалаушаларын ұстап ортаны бір айналып жарты шеңбер болып тұрады.

Тәрбиеші сөзі:
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Отан - далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы.

Нұрсұлтан -Алтау Жайық арасы
Адель - жарты ғасыр әлемдей даласы
Айсауле-кенге толы қойнауы
Айлан-малға толы жайлауы
Жанерке-жастан сүйіп аңсаған
Мұратасыл-тәтті күй мен кәусар ән
Аяулым-анамыздай тілеуі ақ
Димаш-Отан бізде біреу-ақ
Батырхан-тәуелсіздік алғалы
Ақнұр-25 жыл толыпты
Бәрі:
Мой Казахстан любимый,
Где я родился, где я учусь
Ты - небо! Ты - земля!
Ты - солнце! Ты - звезда!
Ты - Родина моя!

Жаса Қазақстан!
"Жаса Қазақстан" әнімен ортада балалар әр түрлі қимылдар жасайды.
Әнұран орындалады.
Сөз кезегі балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы: Амангелдиева Ж. Ж.

Мереке құтты болсын!
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: