ойынға берейік.
Ойын: "Күш сынасу"
Жүргізуші: Тәуелсіздік арайлап атқан таңға
Тірек болар әнұран мен елтаңба.
Рәміздер-Тәуелсіздік мәртебесі
Орныққан азаттықтың ұлы іргесі.
-Келесі кезекті балаларымыздың жаттаған тақпақтарына берсек. .
Шамсия: Қуат алған өзіңнен Туған елдің қызымын Бақытты етіп өсірген Отанымның қызымын
Көркем: Естісін ел үніңді Дүние түгел естісін Тәуелсіздік туыңды Биік көтер жас ұлан
Игнат: Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.
Фатима: Бабалардың көзіндей
Даналардың сөзіндей
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам бас қалам
Жүргізуші: Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.
Келмеске кетті мәңгүрттік,
Мереке бүгін, думан күн
Аруақтар рухын жаңғыртып,
Еліміз қайта туған күн
-Осымен құрметті қонақтар мектепалды даярлық тобының "Тәуелсіз елдің ұланымыз" атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Страницы: << < 3 | 4 | 5