ндай еркіндік болған жоқ. 
Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші?
Әжесі: Әй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап, басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. (Әжесі немересімен қисайып жата кетеді). 
Немересі: (көзін ұқалап тұрады) -- Әже, жап-жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім. 
Әжесі: Е-е-е-е. . . , ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігінің мәңгі жарық күні. 
Немересі: Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келді!
 
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын айтайық. 
Лаура: Тәуелсіздік ел атандық,
Биік даңқың. 
Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың
Ата-баба қанымен келген бізге
Тәуелсіздік құт болып. қонды еліме!
 Нұрислам: Құрбандық еттің жаныңды Көк мұзға көміп қаныңды Тәуелсіздік алған күн Жастардың күні жалынды
 Гүлсая: 16 - желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Мерекеде ел қуанып Шаттанып ән салған күн 
 Аян: Арымыздай тап-таза Жанымыздай шуақты Көтерілді биікке Қазақстан байрағы
Ән: "Атамекен"
Жүргізуші: Балалар енді осы тәуелсіздікке дейінгі жылдардағы оқиғаларды видеороликтен қарауға ұсынамын. 
Жүргізуші: Бірің шекер, бірің бал,
Жайнап өскен ұғымды құлындар. 
Отан деген ұғымды ал-
Талдап берер кімнің бар?
 
 Айбек: Отан туған жеріміз Сүйіп өскен еліміз Қасиетті Отанның Ұланымыз бәріміз
Гүлім: Шұғылалы таңымыз Қазақ жері бағымыз Қайнарынан мөп-мөлдір Сусындайды жанымыз
Дарын: 
Динара: Он алтыншы желтоқсан Елдің ұлы мейрамы Жаңа шыққан көктемдей Жаз күніндей жайдары
Жүргізуші: Қыздарымыздың әсем биін қабыл алыңыздар. 
Жүргізуші: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?
Демекші ендігі кезекті
		Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>
