Тәуелсіз ел - Қазақстан

Страницы: 1 | 2  >  >>

Тәуелсіз ел -Қазақстан
Ұлан ғайыр дала. Аттың шабысы. Маңдайыңнан сипап өткен самал жел. Халықтар достығы. Осының бәрі ынтымағы жарасқан елді есіңе салады. Қазақ халқы әрдайым бір-біріне,басқа ұлт өкілдеріне қол ұшын созып,бір үзім нанды бөліп жеген,кейбір қиын сәттерде тіпті дұшпандарына да аяушылық танытып,досындай көрген.
Әр түрлі тарихи оқиғаларға байланысты жерімізге 130-дан астам ұлт өкілдері келіп қоныстанды. Қазіргі кезде олардың әрқайсысы қазақтың салт-дәстүрін,тілін үйреніп,тату-тәтті өмір сүруде. Сол бірлікті сақтап қалу,әрине,әркімнің міндеті. Осындай бірлігі жарасқан елді одан әрі көркейту,дамыту мақсатында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан-2050" Жолдауында "Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ". стратегиясын қабылдады. Бұл әрбір қазақстандықтың ұранына айналған. Ел болу үшін бірлік,ынтымақ,мақсат керек. Біздің мақсатымыз "Мәңгілік ел" болу. Ал "Мәңгілік елдің" тірегі кім? Менің ойымша, "Мәңгілік елдің" тірегі - жас ұрпақ. Елбасымыз "Қазақстан-2030"стратегиясында ". . . Еліміздің келешегі жастар тәрбиесіне тікелей байланысты" деп жастар тәрбиесіне қоғамның әр мүшесі жауапты екенін айтты. Жастар тәрбиесінде ең алдымен неге көңіл бөлу керек? Менің ойымша,жас ұрпақ ата-бабасының тарихын,салт-дәстүрін біліп өсуі міндетті. Оның бастауы- адамгершілікке тәрбиелеу. Адамгершілікке тәрбиелеу- патриоттық сезімді оятады. Осы орайда, Қазақстан мұғалімдері, әр ұлт өкілдері балаларының "қазақстанның азаматымын", "мен қазақстандықпын" деген сезімін қалыптастыруға еңбек етеді.
Мәңгілік елдің - тілі де мәңгілік. Ал тілді үйрену және басқаға үйрету біздің қасиетті борышымыз. Ата-бабамыз, "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің"дегендей -жас ұрпақ біздерден үлгі-

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: