өнеге алады. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру , құрметтеу мен үйретуді біз үлгі ретінде өзіміз қолға алуымыз керек. Бұл жолда көптеген келелі жұмыстар атқарылуда. Оларға келер босақ, қазақ тілінде көркем фильмдер, анимациялық фильмдер,әдеби шығармалар, шығармашылық кештер,мектептің оқулықтары өңделіп шығуда. Тілге деген қызығушылығын арттыруда оқушылармен инновациялық жаңа технологияларды пайдаланып, сабақ өту жандануда.
Тәуелсіздік алғанымызға көп уақыт болмаса да, еліміз бірталай жетістіктерге жетіп үлгерді. Осының бәрін жалғастырушы мына біздер тәрбиелеп отырған жастар. " Мәңгілік елдің жастары- жетістіктің кілті"- деп ой түюге болады. Ата-баба қанымен келген тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай, жастарымыз саналы да тәрбиелі болғай. Мәңгілік ел-мәңгілік жасасын!
Страницы: << < 1 | 2