Қ. Бекқожин атындағы 12 жалпы орта білім беру мектебі
«Тіл қылыштан да өткір»
(дөңгелек үстел 10 «А», 10 «Ә» сыныптары арасында)
Өткізген: Смагулова Ж. Б.
«Туған тілім - тірегім»
Мақсаты: оқушылардың туған тілге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, оқушылардың бойында жауапкершілік, ізденушілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеп, партиоттық тәрбие беру. Оқушыларды өз ойын еркін, ашық түрде жеткізе білуге үйрету.
Жүргізуші: Тілім менің – қуатым, күшім менің,
Күшім кетсе не болар ісім менің?!
Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,
Тілімменен тірлікті мүсіндедім.
Құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі «Туған тілім - тірегім» атты дөңгелек үстелге хош келіпсіздер! Туған тіл – ақыл ой дамуының негізі және барша білімдердің қазынасы. Туған тілдің қорғауы – туған Отанымызды қорғаудан да маңыздырақ. Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әйтеуір, азат етеріңе сенесің. Басқа тілге көшіп, туған тілін ұмытқан және өз ата байлығына қайта оралуына мойны жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық рухын жоғалтып үгерген, өзіне түрі ғана ұқсайтын қандастарын жаудан бетер қарсыласады.
Қазақ тілі – аса бай, икемді тіл. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуашекер балдай татитын нәріне, әрине әсте тоймайсың. Сол үшін де тілімізді құрметтей білейік.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылының 20 қаңтарындағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі. Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсыновтың: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады» деген сөзінде терең астар, үлкен мән бар.
Пікірімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Ең бірінші «Ана тілім ардағым» атты баяндамадан бастасақ Дәуренбекке сөз бе
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>