рдің бірі. Бұған қазақ баласы мақтана алады. »
Азат: Академик Ғ. Мүсіреповтың сөзі: «Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады. Адам мәдениетінің шарты – дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген түбін білмейді, ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, емірентем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады. Біздің қазақ «аталы сөз – баталы сөз» дегенде оны дұрыс сөйлей білуді айтқан. »
Кәкім: Қабдеш Жұмаділовтың сөзі: «Қазақ тілі – өзінің даласындай кең тілімен жайдары да, жалпақ тіл, оған қысылып қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да, ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашан да да даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай, асқақ әуезділігі шырқап салар әніндей, кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің».
Жүргізуші: Тіл – ұлттық құжат, ататек негізі. Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі. Ендеше, Ұлттық тіл биік тұғырға көтеріліп, оның барша мәселелері мен мүмкіндіктері қашан, қалай шешімін табады? Бұл сұрақ қаны мен тілі, діні мен ділі бір бойынан табылатын әрбір қазақтың көзінде де, көңілінде де жүр. Өйткені, тілге құрмет – ұлтқа адамдық, ілтипат. Ақын сөзімен айшықтасақ: «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» Тіл мұраты – халықтық мәселе, көптің қамқорлық құрметі негізінде кең өріс алды. Тіл тұғыры – халықтық сипат алғанда ғана биік белеске көтеріледі.
Страницы: << < 1 | 2 | 3