«Туған өлкем»
Мақсаты: 1. Отан, туған жер, туған тіл жайлы түсініктерін, оның табиғатының әсемдігі, байлығы жайлы түсініктерін тереңдету. Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру.
2. Өз ойларын айта білу дағдыларын дамыту. Тіл байлықтарын дұрыс сөйлеу, қатесіз, түсініп оқу дағдыларын дамыта түсу.
3. Туған жерді, елді, қастерлеу, тілді бағалай білу, ата - ананы сыйлау, халқыңа пайда келтіру сияқты адамгершілік асыл қасиеттерге баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: «Неткен сұлу, неткен көркем» слайд, сабақ барысы бойынша жасалған слайд, тапсырмалар жазылған түсті үлестірме – қима қағаздар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, бір - біріне сәттілік тілеу.
ІІ. Мақсат қою: Бүгін сабақта «Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем» атты тарауды әрі қарай жалғастырамыз. Бүгін осы тараудағы «Туған өлкем» атты өлеңмен танысамыз.
Үй тапсырмасын тексеру
1 - топ: Д. Әбілев «Туған тілім» өлеңін жаттағандарын топта бір - біріне айту.
2 - топ: Қазақ тілі мемлекеттік дәрежеде ме? Пікірталас топ ішінде өткізу.
(Топ ішінде 1 оқушы « Қазақ тілі - мемлекеттік дәрежеде қолданылып отыр» десе 2 - оқушы «Қазақ тілі мемлекеттік дәрежеде қолданылып отырған жоқ» деген ұғымдарды дәлелдейді. Кімнің дәлелдеуі нақты, аргументтері шынайы болса қалған топтағы оқушылар сол оқушы жағына шығу керек)
3 - топ: Топтағы оқушылар тіл туралы мақалдар бойынша жұптасып жұмыс істейді. Жаттаған мақалдарын бір - біріне айтады.
Цитата ----- Комментарий
1 - жұпқа: Тілден бал да тамады, у да тамады.
2 - жұпқа: Тіл – қылыштан да өткір.
3 - жұпқа: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
4 - топ: Топтастыру
а сабақ
1. Неткен сұлу, неткен көркем – фильм көру
Страницы: 1 | 2 > >>