Құтты болсын Жаңа жыл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


" Құтты болсын, Жаңа жыл!"
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Қоян, Клоун, балалар, ата - аналар. .
Музыка ойнап тұрады.
Асима Ағзамқызының 1 дауыс жазбасы: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады)
Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз Ата шақырғанның бірі де қалмайды. Басталады, басталады, жаңа жылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық!
"МЕЙРАМ КЕЛЕ ЖАТЫР" әнімен балалар залға кіреді
Асима Ағзамқызының 2 дауыс жазбасы: Армысыздар, аяулы бүлдіршіндер, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, апайлар мен ағалар. Балалар, сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жақта орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін, балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Алтынгүл Дорветханқызы:
Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Асима Ағзамқызы:Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашу үшін құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі Ержомарт Меруерт Әскербекқызына берейін.
Алтынгүл Дорветханқызы: Балалар, бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
"Аппақ, аппақ жапалақтап" әні
Алтынгүл Дорветханқызы : Балалар, ортамызда әдемі болып тұрған не бұл?
Балалар: Шырша!
Алтынгүл Дорветханқызы: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: