Төрт түлік туралы жырлар. Түйе

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мұғалім: Мухатова Дария Меделбекқызы
Сынып : 2 "А"
Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар. Түйе.
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік:
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.
2. Дамытушылық:
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Түйенің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік:
Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы:интерактивті тақта, төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмалар, ойын түрлері.
Әдісі:сұрақ - жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, ой - қозғау, шығармашылық жұмыс, пікірлесу, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау
Үйге қандай тапсырмалар берілді?

Қазақ халқының ұлтттық ойындары өте көп. Сендер қандай ұлттық ойындары білесіңдер?
Бүгін біз "Бәйге" ойыны арқылы үйге берілген тапсырманы тексеріміз.
Берілген сандарды таңдау арқылы санға қатысты сұрақтарға тез мүдірмей жауап беру керек? Ойын "Бәйге".
30 санының сұрағы: "Сиыр малын қалай шақырады?"
10 санының сұрағы: "Сиырдың төлі қалай аталады?" "Сиыр атасы қалай аталады?"
60 санының сұрағы: Жылқы малы туралы мақал айт
40 санының сұрағы: - мына сөздердің жалғасын тауып айт. Мүйізі. . . . . . . . . , Мұрнын. . . . . . . . . . . . .
50 санының сұрағы: Сиырдың сүтінен қандай тағамдар әзірленеді?
20 санының сұрағы: Қой малы туралы мақал айт.

- Сиыр туралы жырды кім

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: