Төрт түлік туралы жырлар. Түйе

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

жатқа айтып береді?

Үй тапсырмасын тексеру. Топтастыру стратегиясы
Сонымен балалар,сиыр малының бізге қандай пайдасы бар екен?

Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі - мал бағу. Төрт түлік бізге - кисек - киім, ішсек - тамақ, мінсек - көлік.
- Ал, жақсылап қараңдаршы осы төрт түлік малдың ішінде қандай малдың суреті жоқ?
- Мына жұмбақты шешіп көрейік.
Жұмбақ
Иір - иір денесі
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер - тамағы,
Шөлге шыдап бағады.

- Дұрыс балалар, төрт түлікке жататын жануардың бірі - түйе.
- Олай болса, бүгін біз "Түйе" малы туралы жазылған жырмен танысамыз.
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз(сабақ басталмай тұрып, алдын - ала жазғызтып алу, күнді, тақырыпты)

1. Балалар сендер түйе малы туралы не білесіңдер?

Интерактивті тақтадан суретін көрсетіп тұрып, мағлұмат беру. - Түйе - киелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық - суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды. Ертеде ата - бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды. (суретін көрсету жүк көтеріп келе жатқан)
Оның терісі, жүні, сүті өте пайдалы. Сүтінен шұбат, қымыран сияқты сусындар дайындайды. Еті - ем, шұбаты - шипа.

Терісінен аяқ киім тігеді, таспа, қайыс жасаған, ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады. Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында түйе шаруашылығымен айналысады.
Түйе малының атасы Ойсылқара, екі жылда бір боталайды.

Түйенің өзінің бірнеше түрі болады. (суретін көрсетіп)
Міне, мына түйені айыр түйе қос өркеш түйе тұқымының бір түрі.

Ал, мына түйе Аруана - сыңар яғни жалғыз өркешті түйе. Нар. (суретін көрсетіп)
Аруана айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді, сүті

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: