Тақырыбы: Төрт түлік мал. 2 сынып
Мақсаты: 1. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тілін әрі қарай дамыту
үшін жаңа сөздерді пайдалана отырып, сөздік қорын кеңейту.
Сөздерді қосып сөйлем құрастыру
Фонетикалық жаттығулар арқылы дыбыстарды анық
дыбыстауына үйрету.
2. Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту, математика сабағымен
байланыстыра отырып, ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды үй жануарларын, қоршаған ортаны сүюге
тәрбиелеу. Ата-бабамыздан келе жатқан нақыл сөздердің
мағынасын түсініп есте сақтау және орындауына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үй жануарлардың суреті, сөзжұмбақтар, жаңа сөздер, үлестірме
материал, Қуырмаштың суреті.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап, ойландыру, түсіндіру.
Оқыту формалары: жұптық жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдеп, дүниетану.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқүшылармен сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Көктем.
- Көктем айлары қандай?
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Қазір қандай ай?
- Сәуір.
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сәрсенбі.
- Кім сыныпта жоқ?
- . . . . . . . . . . . жоқ.
ІІ. Негізгі кезең
Бүгін сабақта біз үй жануарлардың әлеміне саяхат жасаймыз.
Балалар парталарында төрт түрлі фигуралар жатыр. Бұл фигуралар бізді бағалайды: өте жақсы десем – дөңгелек фигураны өзіне аласыңдар, жақсы десем – төртбұрышты аласыңдар, дұрыс емес десем – үшбұрышты аласыңдар. Сабақтан кейін бәрін санап, қайсысы көп сол баға шығады.
Фонетикалық жаттығу – ойын «Жаңғырық» (2 мин. )
Оқушылар, мұғалім көрсеткен суреттегі сөздерді қатты, орташа, төмен дауысымен дауыстайды, мысалы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>