Тақырыбы: Тұрмыста қолданылатын үй мүліктерінің бір түрі "Келі мен
келсап" таныстыру
Мақсаты:қазақтың ұлттық жиһаздарымен таныстыру, одан әрі жалғастыру.
Тұрмыста қолданылатын мүліктің бірі келі мен келсапты таныстыру. Келі мен келсапты балалардың сөзік қорына енгізе отырып, еңбек етуге, өз халқының салт дәстүрін сүйе білуге тәрбиелеу. Жұмбақтар, мақал - мәтелдер, қызықты аңыз - әңгімелер арқылы балалардың тіл мәдениетін өрістеу, ой - өрісін дамыту.
Көрнекті: Киіз үй жабдықтары, ұлттық дәм, келі, келсап.
Құрал: Текемет, домбыра, көрнекілік ілінген тақта.
Сөздік жұмыс: келі, келсап, тары, талқан.
Сабаққа дайындық: балалар ұлттық киім киіп топта кілем үстінде қазақтың
ұлттық "Соқыр теке" ойынын ойнайды. Содан соң балаларды тәрбиеші орындарына отырғызып.
Тәрбиеші: жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінің қай айы? Қазір қандай ай? Аптада неше күн бар? Бүгінгі күн қалай аталады? - деген сұрақтар қойып балалардан толық жауап алу.
Бүгінгі өтетін сабағымыз айналамен таныстыру, тіл дамыту, ән - күй. Біз өткен сабақта қандай ұлттық үй жиһаздармен таныстық? /сандық, киіз үй,тбесік, домбыра/
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Ал бүгінгі айналамен таныстыру сабағының тақырыбы: үй мүлкінің бір түрі "келі мен келсап". Қазір біз балалар әженің үйіне қонаққа барамыз. Өйткені біз бұл құралмен таныс емеспіз, сондықтан әжеден осы құрал жайлы сұрап білейік, көпті көрген кісі ғой. Әженің үйіне қонаққа барайық.
Сабақтың
Барысы:балалар әжемен амандасып киіз үй ішіндегі көрпешеге
жайғасып отырады.
Әже:Амансыздарма балаларым, ораза айттарың қабыл болсын, жаңа
жылдарың құтты болсын.
Тәрбиеші: Әже сіз естіген боларсыз. Еліміз ел болып жаңарып салт -
дәстүрім
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>