Білім беру саласы: "Шығармашылық"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Мүсіндеу"
Тақырыбы: "Түрлі-түсті қарындаштар"
Мақсаты: Ермексазды жұмсартуды, таяқшаны және сүрткішті пайдалануды үйрету. Балаларды қарындаш маңызымен таныстыру. Ермексазды алақанның арасында түзу қимылдармен жазу дағдысын жетілдіру. Мүсіндеуге қызығушылық-ты қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер:Үлгіні талдау, түсіндіру, үйрету,көрсету, сұрақ-жауап, домалақтау тәсілі, мадақтау.
Қажетті құралдар: Түрлі-түсті қарындаштар, ермексаз, таяқшалар, тақтайшалар, сүрткіш.
Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық- қозғаушылық
Н. Айтов "Қарындаш" өлеңін оқып беру
Қызыл-жасыл, қарасын,
Қолға кезек аласын.
Қарындашпен әр түрлі,
Алуан сурет саласың.
Қарындаштың көмегі,
Міне, қандай көп еді.
Ұштай біл де, ұстай біл,
Түрлі өрнек төгеді.
Өлеңді тыңдайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
- Шығарманың мазмұны не жайында?
Әңгімелесу.
Қарындаш деген сөзді өзі түркі тілінде "қара", "таш" (тас) деген мағынаны білдіреді екен. Бұрынғы кезде сендердің қолдарыңдағыдай қарындаштар болмаған. Түрлі-түсті қарындаштарды жасау үшін алуан түрлі түс беретін қоспа-лар (пигменттер) пайдаланылады екен.
Бүгін мүсіндеу оқу қызметінде ермексаздан түрлі түсті қарындашты жасаймыз. Мен жасап көрсетемін, мұқият қарап отырыңдар.
Балаларға алдын-ала дайындаған цилиндр көрсету.
- Мен бұл пішінді алақан арасына салып домалақтап жасадым. Міне, қараңдар мен оны біртіндеп созамын (есемін). Бастапқыда ол жуан болады да біртіндеп жіңішкереді.
Сергіту сәті.
Ал балалар тұрайық
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп.
Бір отыр
Страницы: 1 | 2 > >>