Трёхязычный урок по физкультуре

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

н!" эстафеталық сайысы өткізіледі.
Өткізу мақсаты:
Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Өткізудің міндеттері:
- спортты насихаттау.
- дене қуаты қасиеттерін дамыту.
- салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жарыс өткізілетін орны мен уақыты:
47 мектеп спорт залында Күні: 20. 01. 2018 сағ. 10:30-12:00

Жарысты басқару:
Жарысты ұйымдастыру және өткізуге жауапты дене шынықтыру бірлестігі.

Жарысқа қатысушы командалар:
6а 6б 6в 7а 7б сыныптарының құрама командасы. Команда құрамы 3 адам папасы, мамасы, баласы.
Жарысты жүргізу, есептеу жолы мен марапаттау:
Женген команда мақтау қағазымен марапатталады.







Әкем, шешем және мен" отбасылық
сайысының сценарий
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қауымы! Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болмақ.
"Шынықсаң шымыр боласың
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда". Бүгінгі "Әкем, шешем және мен" спорттық отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!

жүргізуші: "Әкем, шешем және мен" отбасылық сайысы - отбасыларды спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түседі! Бұл жарыс - отбасылардың қатысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектепте 6-7 сыныптар оқушылар қауымы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: