«Әкем, шешем және мен» отбасылық сайысы
Бағдарламасы:
- Кім жылдам
Эстафетаны бірінші баласы бастайды. Бала белгіленген жерге дейн жүгіріп барып шығыршықты (обруч) ішіне кіріп ата-анасына қарай жүгіреді. Екінші кезекте баласы әкесін шығыршыққа кіргізіп алып жүгіріп белгіленген жерге барып әкесін тастап, анасына қарай жүгіріп шеңбердің ішіне кіргізіп әкесіне қарай жүгіреді кім бірінші болып аяқтайды сол команда жоғарғы ұпайға иеленеді.
- Кенгуру
Эстафетаны бірінші баласы бастайды. Допты екі аяқтың арасына қысып алып секіре жүгірде, белгіленген жерге жеткен соң допты қолына алып, орына қарай жүгіріп допты мамсына тапсырады, жарыс қайталанып отырады
- Теннис
Эстафетаны бірінші баласы бастайды. Теннис ракеткасына кіші допты үстіне қойып белгіленген жерге дейін құлатпай жүгіріп беру, жарысқайталанып отырады
- Баскетболшылар
Эстафетаны бірінші баласы бастайды. Допты алып жүріп себетке лақтыру. Баласы – 3 рет, анансы – 3 рет, әкесі – 3 рет лақтырады, қай команда ең көп себетке кіргізеді сол команда жоғарғы ұпайға иеленеді.
- Эрудит
Отбасы бірге біргелкі уақытқа орындайтын сайыс
- Кім алысқа
Эстафетаны бірінші баласы бастайды. Кезектесіп орыннан ұзындыққа секіру
- Аралас эстафета
Эстафетаны бірінші баласы бастайды. Кедергелер арқалы баскетбол добымен жүгіріп. Шешесі скакалкамен жүгіреді. Әкесі тарақан тәрізді жүгіреді
- Мерген әке (әкелерге арналған)
- Арқан тарту