ТӘРБИЕ -ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ

Страницы: 1 | 2  >  >>

Тәрбие - отбасынан басталады
Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл - ойының жетілуіне назар аударған. Кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде.
Халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкентай кезінен бастаған дұрыс.
Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді біле аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: "Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды" деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс қолданғандай сыңай танытады. Бұлай дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: "Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала". Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.
"Тәрбие - отбасынан басталады" демекші баланың отбасынан көрген - білгені оның бүкіл өміріне жолдама болып қалмақ. Ата-ана баласына көбірек көңіл бөлмесе, таңертеңнен кешке дейін теледидардың алдында отырған өскіншек керектіні де, керексізді де ө

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: