Тәрбие сағаты "Тілім менің – тірегім!"

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тілім менің - тірегім!
Тәрбие сағатының мақсаты: Өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге, ат салысуға шақыру. Туған тілін сүюге, тез ойланып, жауаптарын тиянақты жеткізуге, жүйелі еркін сөйлеуге баулу, таза сөйлеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: әңгімелесу
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер т. б.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:
1 - кезең. Таным кезеңі
Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді.
"Тіл туралы тұңғыш Заң" 1989 жылы 22 қыркүйекте жоғары кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Ал екінші рет 1997 жылы 11 шілде де қабылданды. Елбасы Н. Назарбаевтың 1998 жылғы 20қаңтардағы Жарлығына сәйкес "22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні" ретінде аталып келеді.
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
(С. Торайғыров)

Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің
Тұнығым, рухани

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: