Тәрбие-отбасынан басталады.
Мақсаты: а) Ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың
үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата-
аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә)Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты
нығайту.
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы
оқушылардың бойында асыл да адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыру
Сабақ барысы:
І. "Ұйымдастыру" кезеңі
ІІ. "Отан - отбасынан басталады" баяндама
ІІІ. "Сан сұраққа саяхат"
ІV. "Алтын сандық" ойын
V. "Сыңарын тап"
а) ата-аналар үшін
ә) балалар үшін
VІ. " Қорытынды"
Мұғалімнің сөзі:
"Тәрбие-отбасынан басталады.
(Ұрпақ тәрбиесі- ұлт болашағы)" тақырыбында ашық тәрбие сабағын таңдауымыздың өзіндік мәні мен маңызы бар.
Баланың алғашқы тәрбие алатын орны - отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру - біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие - күрделі үдеріс. "Тәрбие отбасынан басталады" деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. "Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын" деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А. Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ын
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>