жасап, белсенділік танытуға жағдай жасалады. ).
Конспект 1 (Трансформатордың құрылысы)
Конспект 2 (Трансформатордың түрлері)
Конспект 3 (Трансформатордың жұмыс жасау принципі)
Студенттер өздігімен немесе топтасып жұмыс жасау. Әр студент немесе әр топ осы тұста шығармашылығын көрсете алады.
4-ші кезең. Трансформатордың құрылымын және жұмыс жасау принципін көрсетуге арналған бейне-ролик.
Назарларыңызға бейне - ролик.
5-ші кезең. Сабақты қорыту, пысықтау
Бұл кезеңде оқытушы жаңа тақырып бойынша оқушыларды жаңадан алған білімін тереңдету мақсатында сұрақтар қойып, жауап алып, кемшіліктері болған жағдайда, студенттің жауабын толықтырып, қорытындылайды. Студенттер интерактивті модульді қолдана отырып, тапсырмалар орындайды.
Оқушылардың өздігімен жұмыс жасауы:
6-ші кезең. Ой толғаныс (рефлексия). Reflection
Бұл кезеңде студенттер не үйренгендігін саралап, ой елегінен өткізеді.
- Студенттер, осы сабақта не түсінгендеріңді тұжырымдай отырып, түсінгендеріңді өз беттеріңше «Біз болашақ маманбыз» атты қысқаша сценка көрсету арқылы жеткізіңдер.
Әр топ мини – сценка құрады.
Оқытушының студенттерді бағалап, сабақты қорытындылау.
Оқытушы студенттердің өзін өзі бағалау пікірлерін тыңдай отырып, саралап, бағаларын қояды.
Үй тапсырмасы:
1. Оқулықпен жұмыс: Китаев В. Е. «Жалпы электротехника», ОӘК
2. Қосымша әдебиетпен жұмыс
3. Жаңа тақырып бойынша оқушыларға «Трансформатордың құрылысын жаңарту идеясы» эссе жазу
Сабақтың аякталуын хабарлау.
Страницы: << < 2 | 3 | 4