Тоғызқұмалақ. Ойын ережелері мен ерекшеліктері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз - тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Қазақша атаулары:
9 отау маңдай
8 отау көкмойын
7 отау қандықақпан
6 отау белбасар
5 отау бел
4 отау атсыратар
3 отау атөпес
2 отау тектұрмас
1 отау арт
Тоғызқұмалақ қашан пайда болған? Тарих пәні мұғалімі Кенжегүл Бисенбаевна Қамыспаеваның қысқаша мәліметі.
Слайд бойынша: Тоғызқұмалақ ойынының жазылу тәртібі.
Толық жазу үгісі төмендегідей ретпен жүргізіледі:
1. Жүрілетін отаудың нөмірлері көрсетіледі.
2. Отаудағы құмалақтар саны жазылады.
3. Соңғы құмалақ түскен отаудың нөмірі
4. Ондағы құмалақтар саны
5. Тұздық алынған жағдайда Х белгісі қойылады.
6. Қос нүкте (:) - табысты жүрісті, сызықша (-)
жай жүрісті бейнелейді.
7. Леп белгісі (!) - күшті жүріс.
8. Сұрақ (?) белгісі - қате жүріс
9. Екі леп белгісі (!!) - өте күшті жүріс
10. Екі сұрақ белгісі (??) - өте қате жүріс
11. Сұрақ және леп белгісінің қатар келуі (?!) - ойландыратын жүріс.

Жүріс жасау ерекшеліктері (слайд)
Жүріс жасау ойыншылардың тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыласардың келісімімен анықталады. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен бар құмалақтарды қолға алып, біреуін орнына қалдырып, солдан оңға қарай бір - бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: