ардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр.
--
Қазақстандаөңдеу
Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен "Таңғажайып тоғыз-құмалақ" кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.
--
Тоғызқұмалақ ережесіөңдеу
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы - 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны - бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны - қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін - ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:
отаулар
9
8
7
6
5
4
3
2
1
9
9
9
9
9
9
9
9
9
Қостаушы қазаны (0)
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>