11 "Мөлдір бұлақ" ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Кекенова А. Ж.
Білім беру саласы: "Шығармашылық"
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: "Торсық"
Мақсаты: Б) Балаларды халық
шеберлерінің еңбегімен таныстыруды жалғастыру. Д) халықтық керамика мәнерінде ыдыс (тостағандар, табақшалар, құмандар т. б. ) мүсіндеуге үйрету. Т) жұмысты орындау барысында икемділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Құралы: үнтаспа, торсықтың суреті, ермексаз, тақтайша, сулы орамал.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: торсық, шұбат құятын ыдыс, "қошқармүйіз".
Іс-әрекеті
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивация
Шаттық шеңбері:
Армысың алтын күн,
Армысың көк аспан.
Армысың жан досым,
Жылуыңа жылу қос.
Міне менің қолым!
-Балалар, бұл ұлттық бұйым - торсық. Торсыққа ұзақ жолға шыққан жолаушы (ержігіт) қымызды толтырып алып шығады, жолда ішкен қымыз, әрі шөл қандырады, әрі күш береді. (Қымыз құятын ыдысты көрсету, оның пішініне, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейленуіне, теріден жасалатынына, жеңіл болатынына назар аудару).
Шеңбер құрып тұрады.
Торсықты ұстап, сипап, аударып көреді.
Балалар торсықтың тұрмыста қолданылуы жайлы әңгімелейді.
Негізгі кезеңі
Балалар, осы ұлттық бұйым, қымыз құятын әдемі торсықты мүсіндейік.
1-жолы. Ермексазды алақандарына салып, сопақша пішінге келтіріп, осы бөліктен шымшып созу арқылы мойнын шығарамыз, екі бүйірінен ұшын саусақпен созып шымшып, қысу арқылы үшбұрыштап ою тәріздес иіп, мүсінін келтіреміз.
Сергіту сәті: (Әуенге байланысты қимылдар жасату)
Страницы: 1 | 2 > >>