.
2-жолы: Торсықтың қақпағы. Ермексазды алақанға салып домалақтап, фломастердің қақпағы арқылы дайын болған домалақ пішіннің ортасына ойық жасаймыз. Ойыққа саусақтың көмегімен қақпақтың пішінін орналастырамыз.
3-жолы: Тәрбиешінің көмегімен балалар торсықты қалауы бойынша әшекейлейді. Ермексазды ұзыншалап созып, есіп, "Қошқармүйіз" оюымен әшекейлеуге болады.
Балалар, бүгін ұлттық бұйымымыз - торсықты мүсіндеп, әшекейледік.
Жеке жұмыс жүргізу
Мұқият орындайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Кейбір балалар өз қалауларымен әшекейлеуі мүмкін.
Жұмыс орындарын реттейді
Қ/ды
Торсық - шұбат, қымызды салқындатып сақтайтын ұлттық ыдыс. Жолаушыларға пайдасы өте мол екен. Өздерің мүсіндеген торсықтарыңды ұлттық бұрышқа орналастырыңдар.
Балалардың бүгінгі жұмыстарын мақтап, мадақтау.
Балалар жұмыстарын салыстырып, өз ойларын білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: ұлттық бұйымдар туралы мәліметті.
Түсінігі: торсық, шұбат құятын ыдыс, "қошқармүйіз" сөздерінің дұрыс қолдану.
Көрсете алуы: мүсіндеу жолын, тазалық жұмыстарын, өзара көмектесуді.
Страницы: << < 1 | 2