Торғай мен мысық

Страницы: 1 | 2  >  >>


Білім беру саласы: "Коммуникация"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Көркем әдебиет"
Тақырыбы: "Торғай мен мысық" Б. Соқпақбаев /Өлеңді оқу/
Мақсаты: Өлеңді есте сақтау, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемділігін қалыптастыру .
Әдіс-тәсілдері: Оқып беру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жұмыс: Ыршыды, жөнелді, пыр етіп.
Көрнекіліктері: Мысық пен торғай суреттері

Қызмет кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық
қозғаушылық
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу, өлең жолдарын айтқызу.
Кел, балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік
Шаттық шеңберін құрады, хормен бәрі бірігіп айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
Осы кезде ішке мысық есік қағып кіреді. Мысық балалармен амандасып, торғайды іздеп жүргенін айтады.
- Торғайды не үшін іздеп жүрсің?
Мысық:
Менің қарным аш, сол үшін іздеп жүрмін.
Мысық, саған біз өлең оқып берейік, сен мұқият тыңда, ақылға кел.
Б. Соқпақбаевтың "Мысық пен торғай" өлеңін оқу.
Үстінде үйдің
Тұр еді мысық,
Қасына келді
Бір торғай ұшып.
Бас салмақ болып
Ыршыды мысық.
Жөнелді торғай,
Пыр етіп ұшып.
Биіктен жерге,
Топ етіп түсіп.
Мысықтың қалды
Жамбасы ісіп.
Өлеңді балалармен бірге бірнеше рет қайталап, қимылмен көрсетіп оқу.
Сергіту сәті:
"Мысық пен тышқан" ойыны
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке үйрету.
Ойын шарты: Ойыншылар дөңгелене тұрады. Мысық пен тышқанды тағайындап алады. Балалардың қалғаны бір-бірі-нің қолын ұстап, шеңбер жасайды. Тышқан мысықтан қашып, есікке қарай жүгіреді де, шеңбер ж

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: