қушылардың дұрыс отыруын да назардан тыс қалдырмадым, тақтаға арқасымен отырмасын деп жағдай жасадым. Сонымен қатар қажетті сигналдарды, топтағы әр оқушының міндетін үйреттім. Топтағы жеке жұмысты да оқушының деңгейіне сай беруге тырысамын.
Топтық жұмыс мынадай жетістіктерге жеткізетініне көзім анық жетті:
1. Оқушылардың оқу және танымдық қабілеттері дамиды.
2. Оқушылардың қорқыныш сезімі мен беймазалығы төмендейді
3. Сабақтың уақыты тиімді үлестіріледі.
4. Сыныптағы психологиялық ахуал жақсарады, жауапкершілік сезімі арта түседі.
5. Берілген білім берік қабылданады, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра алады.
6. Сыныптағы жұмыс сараланады.
Топпен жұмыс жасау дағдылары кейін есейген кезде де қажет болады деп есептеймін. Себебі күнделікті өмірде біз көбіне топпен жұмыс жасаймыз. Сондықтан өз пікірлерін, көзқарастарын және басқалардың ойларын дәлелдей біледі. Сондықтан мен топтық жұмыс өте маңызды деп шешіп, өзімді де, оқушыларды да өзгерттім деп ойлаймын. Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек. Әрі топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек. Сыныппен жұмыс істеу барысында неге қол жеткізетіндерін және нені білу жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет. Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек. Сабақ аяқталған соң мұ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>