Топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыс

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мусатаева Айзада Амантаевна
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
"Үлкен ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ
Жамбыл ауданы
Алматы облысы

Топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыс
Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологияларды қолданудың маңызы зор. Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі- білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады.
Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі түрде ұйымдастыру аса қажет. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілерімен көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігін курстан кейінгі тәжірибемнен байқадым.
Менің ойымша топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқушылардың белсенділігін жетілдіреді, қызығушылықтарын арттырады. Өйткені, оқушылар топтық жұмыс кезінде ашылды деп айта аламын.
Топтық жұмысты ұйымдастыруда курстан алған білімімнің тигізер пайдасы мол болды. Кішкентай бүлдіршіндер топтық жұмыс арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, мектепке деген қызығушылықтары арта түсті. Бір-бірімен ақылдасып, пікір алмасып, араласып үйренді. Өздерін еркін ұстап, бір-бірін бағалай білді. Тіпті сөздік қорлары дамып қолданысқа мынадай сөздер де енді: "Сен келісесің бе. . . ", "Сен қарсы емессің бе. . ", "Қалай ойлайсың. . " т. б.
Топтық жұмысты енгізбес бұрын оқушыларға мысал ретінде бір топпен жұмысты үлгі ретінде көрсетіп мән-жайды түсіндірдім. Топқа бөлінудің әр түрін қолданып, оқушылардың әр топқа білім сапасына қарай тең түсуіне мән бердім. Топпен жұмыс жасағасын оның ережесі болатынына назарларын аудардым. Топ ережесін оқушылар өздері құруын талап еттім. Топпен жұмыс барысында о

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: